«Отырар сазы» оркестрі: Республика күніне арналған тегін концерт

Фото: @akimatoskemen
26 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы көпшілікті Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концертіне шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жарқын музыкалық шара Протозанов көшесі, 43 мекенжайы бойынша өтеді және Республика күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылады.
Көрермендер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жәлғасбек Бегендіковтің жетекшілігіндегі өнерпаздардың ерекше бағдарламасын тамашалай алады. Кіру тегін!
Оқи отырыңыз