KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Астанада ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің концерті өтеді

19.01.2024, 14:39 100

Елордалық «Astana Ballet» театрында ШҚО әкімі симфониялық оркестрінің бас дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Александр Галсановтың жетекшілігімен «Классикалық музыка кеші» концерті өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

      

- Бұл біз үшін өте жауапты сәт. Бізде Астана үшін арнайы әзірлеген өз бағдарламамыз бар. Былтыр симфониялық оркестрдің 20 жылдығын атап өттік және бұл шараны есептік концерт десем болады. Бұл жолы симфониялық музыка концертін сүйікті астанамызға арнаймыз. Бағдарламада халықтың барлық топтары мен тыңдаушыларға арналған әр түрлі шығармаларды таңдадық. Ғажайып музыка кеші талғамы биік көрермендерге ұнайды деген сенімдеміз, - деді Александр Галсанов.


Айта кетейік, концерттік бағдарламада белгілі қазақстандық және шетелдік композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалады. 

Сондай-ақ, музыкалық кеште «Ертіс концерт» КМҚК халықаралық және республикалық байқауларының лауреаттары Ботагөз Жұмабекова, Жанат Бисимбаев, Арника Байбусынова, Абай Қайырбек, Дарын Бисаринов, Мәдениет үздігі Айжан Мазкенова, ҚР Мәдениет қайраткері Альмира Нұрғожина, ҚР еңбек сіңірген әртісі Вячеслав Ткач өнер көрсетеді.

Концерт 21 қаңтарда сағат 16:00-де «Astana Ballet» театрында Астана қаласы, Ұлы дала, 43 мекенжайында өтеді. Кіру тегін. 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив