KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау күшейтілді

17.10.2024, 15:00 118 Төлеуғазы Жансая

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын белсенді бақылауды жалғастыруда. 2023 жылы және 2024 жылдың тоғыз айында 81 мерзімнің бұзылуы анықталды. Бұл фактілер қашықтықтан басқару жүйелері арқылы тексерулер мен мониторингті қоса алғанда, бақылау іс-шараларында тіркеледі.

Анықталған бұзушылықтар нәтижесінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал 5 лауазымды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мерзімдерді сақтау - бұл жай ғана формальдылық емес, қоғамның дамуына және азаматтар мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін маңызды элемент.

Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасын және олардың барлығына қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде Сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда Департаментке хабарласыңыз, мекенжайы: Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 4, телефон нөмірі 8-7232-76-50-88 немесе Telegram мобильді қосымшасында «EgovKzBot2.0» платформасында «Уәкілетті органға өтініш» қосымша функциясы арқылы.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

ШҚО бойынша департаментінің басшысы

Е.М. Айқымбеков

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу