Денсаулық сақтау саласында қаржылық бұзушылықтар анықталды
Фото: depositphotos.com
Облыстағы төрт денсаулық сақтау нысанына жүргізілген аудиторлық тексерістердің нәтижесінде шамамен 20,4 млн теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталып, толығымен жойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде хабарлағандай, жол берілген бұзушылықтар үшін бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 92,3 мың теңге айыппұл салынды.
Қаржылық бұзушылықтардың негізгі бөлігі сыйлықақыларды, іссапар шығындарын төлеу, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін бұзумен байланысты екенін атап өткен жөн.