KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Алғабастық оқушылар Өскемендегі Оралхан Бөкей кітапханасында болды

Бүгін, 10:30 18 Ержан Әбіш

Оралхан Бөкей атындағы Өскемен қалалық кітапханасына Ұлан ауданы, Алғабас ауылының Кәкен Аханов атындағы орта мектебінің оқушылары келіп, «Мен Отанымды кітаптан білемін» кітап көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2-4 сынып оқушыларының назары 25-қазан ­– Республика күніне арналған кітап көрмесіне аударылды. Көрмеде тұғырлы Тәуелсіздік және ел тарихы туралы тағылымды кітаптар ұсынылды.

Жас оқырмандар рәміздер жайлы тың деректерді біліп қана қоймай, ұлттық рухты дәріптейтін кітапхана үйірмелерімен де танысты. Оқушылар ұлттық ойындар ойнап, бір серпіліп қалды.

Заманауи кітапхана көрінісі жас оқырмандарға ерекше әсер берді, жан-жақты қамтылған ақпарат көздері мен бүгінгі технология жемісін көрген олар кітапхана қызметкерлеріне ерекше алғыстарын білдірді.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив