«Ақ түйенің қарны жарылған күн» болды
Халқымыз қуанышқа, жақсылыққа, үлкен тойға кенелгенде «Ақ түйенің қарны жарылған күн» деп қуанып жатады. Бүгін ШҚО-ның Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасындағы көпірдің ашылуына орай ақ түйенің қарны жарылып, еті әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға таратылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс жұртшылығы көптен күткен қуанышқа орай, осындай айтулы күні Күршім ауданының құрметті азаматы, меценат Абулдабек Сақалбаев түйе шалды.
«Түйені Бурабай ауылының тумасы, кәсіпкер Абдулдабек Сақалбаев сойып, өңірдегі аз қамтылған жанұяларға таратып, қайырымдылық жасады», - деді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев.
Ажар Сағатбекова