Үржар ауданында кәсіпкер 250 бас ұсақ малды құрбандыққа шалды
Құрбан айт мерекесіне орай Үржар ауданындағы Қабанбай ауылының тумасы, Алматыдағы туристік фирманың белді қызметкері Төлеужан Мұратқызы Ғалиева 250 бас ұсақ малды құрбандыққа шалды.
Құрбандыққа шалынған малдың еттері Қабанбай мен Қарабұлақ ауылындарында тұратын әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға таратылды. Төлеужан Мұратқызының қолдауымен Қабанбай ауылындағы 250 және Қарабұлақ ауылындағы 30 отбасына көмек көрсетілгенін айта кеткен жөн.
Үржар ауданындағы Көлденең ауылында құрылған "Юбилейный" ЖШС-нің басшысы Мамырбек Қарашев та бұл игі істен шет қалмады. Ол құрбандыққа түйе шалып, 100 отбасыға 700 келі ет үлестіріп берді.