KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Шағын ауылдарға таза су келді - Жарма

30.11.2020, 10:56 228
Биыл Жарманың бірнеше ауылында ауыз су желісі құрылысы қарқын алды. 

Қарасу мен оған қарасты Қоңырбиік ауылында жұмыстар жүзеге асуда. Қарасуда жалпы құны 500 миллион теңгеден асатын жоба екі жылда жүзеге асты. Ол келер жылы қолданысқа енеді. Сол сияқты округке қарасты Қоңырбиік елді мекенінің тұрғындары таза ауыз су көзіне қол жеткізді. Бүгінгі таңда су ұңғымасы орнатылып, су таратқыш станса іске қосылды. 

Дәл осындай станса Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Кеңтарлау ауылында да қолданысқа берілді.

– Осылайша халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары барысында шағын елді мекендерге де ерекше мән беріліп келеді. Бұл бағытта қолға алған жобалы жұмыстарымыз табысты жүзеге асып отыр деуге болады, – деді аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив