Осыдан 30 жыл бұрын Қазақ КСР атауы Қазақстан болып өзгерді
Осыдан тура 30 жыл бұрын Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі мындай қаулы шығарды:
"Республиканың көпұлтты халқының өзін-өзі анықтау, адам құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы қағидаттарына, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық әралуандығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбітшілік сүйгіш, құқықтық мемлекет құруға деген ұмтылысын негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп қайта атау".
Заңға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды. Сол күні халық сайлаған еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант берді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.