KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Бүгін ел Тәуелсіздігіне 32 жыл толды

halyq-uni.kz

16.12.2023, 08:30 233 Назерке Каримова

Осыдан 32 жыл бұрын 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданған еді.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды. Дегенмен, бұдан Тәуелсіздік күнінің рөлі аласармайды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланды.

Тәуелсіздіктің 32 жылында Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті. 1993 жылы еліміз төл валютасын қолданысқа енгізді. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Коронавирус пандемиясы, Қаңтар оқиғасы, Арыс, Байзақ, Екібастұз, Қарағандыдағы төтенше жағдайлар – ел бірлігі сынға түскен қиын да күрделі кезең болды. Халықаралық арендағы геосаяси жағдайлар да бостандықпен пен егемендіктің қадірін арттырды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив