KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Шекара аспай-ақ қандас мәртебесін алу мүмкіндігі қарастырылуда

Фото: gov.kz

6.11.2024, 15:00 120 Гульжан Мусина

Қандас мәртебесін Қазақстан шекарасын аспай-ақ алу мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Бүгінде қандас мәртебесін алу «Құтты мекен» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта бұл мәртебені Халыққа қызмет көрсету орталықтары, көші-қон қызметі және enbek.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.

- Пилоттық жоба аясында елімізге келу, жұмыс табу, тұрғын үй мәселелерін республика аумағына кірмей-ақ шешіп, қандас мәртебесін алуға болады, – деді Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Аталмыш пилоттық жобаны толық іске қосуға қатысты жұмыстар әлі де жалғасуда.


Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу