KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда көлікті техникалық байқау талаптары қатаңдатылады

6.11.2024, 20:00 97 Гульжан Мусина

Қазақстанда көліктерге техникалық байқау жүргізетін операторларға бақылау күшейтілмек, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұған дейін техникалық байқау орталығын ашу үшін қажетті жабдықтар мен білікті мамандардың бар екенін растамай, тек аймақтық инспекцияларды хабардар ету талап етілетін.

Комитеттің ақпаратына сәйкес, бұл өзгерістер жосықсыз операторларды нарықтан шығаруға көмектеседі.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге техникалық байқау орталықтарын ашу үшін рұқсат алу талап етіледі. Сонымен қатар, ғимараттың стандарттарға сәйкес келуі, тиісті сертификатталған жабдықтың және білікті мамандардың болуы да міндетті, – деп хабарлады ведомство өкілдері.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу