Көліктер техникалық байқаудан жаңаша өткізіледі
Қазақстанда көліктерді енді техникалық байқаудан өткізу жаңаша өткізетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputniknews сайтына сілтеме жасап.
Техникалық байқаудан өткізу ережесі өзгеретіні жайлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеп отыр.
Еліміздегі "Жол қозғалысы туралы" заңға техникалық байқау станцияларында қолданылатын бағдарламалық жасақтамаға қатысты толықтырулар енгізілген екен.
Жақын арада барлық техникалық байқау станцияларында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әзірлеген бірыңғай бағдарламалық жасақтама қолданылатын болды. Бұл талап ағымдағы жылдың шілде айына дейін бекітіледі.
Айта кетсек, бұл өзгеріс тікелей техникалық байқау станцияларына ғана қатысты екен. Автокөлік иелеріне еш әсерін тигізбейді, техбайқаудан өту тәртібі олар үшін өзгермейді.
Аталмыш бірыңғай ақпараттық жүйе Қазақстандағы байқау орталықтарын біріктіру үшін құрылған.