KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Лудоманияға қарсы күрес: тәуелділік пен қаржы пирамидаларының қауіпіне назар аудартты

8.11.2024, 14:00 95 Гульжан Мусина

ШҚО әкімдігінің бастамасымен көлеңкелі экономика, қаржы пирамидалары және лудоманияның алдын алу мақсатында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерімен кездесу өтті, деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі.

Шара барысында Шығыс Қазақстан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Айдын Қапарұлы студенттерге қаржы пирамидаларының, лудоманияның қауіптілігі мен олардың қоғамға зиянды ықпалы туралы түсіндірді. 

Бүгін біз студенттермен кездесу өткізіп, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу жобасы аясында маңызды ақпарат бердік, – деді департамент тергеушісі Гаухар Ашимхан.

Қаржы пирамидалары, лудомания және көлеңкелі экономика – қазіргі заманның өзара тығыз байланысты үш ірі мәселесі. Олар қаржылық сауаттылықтың төмендігі мен жылдам табысқа құштарлықтан туындайды.

Д. Серікбаев атындағы университеттің студенті Ләйлә Төлеубекова шараның маңыздылығын атап өтті.

 Мұндай кездесулер жастарға өте қажет, себебі лудомания, наркомания және қаржы пирамидалары жастар арасындағы өзекті мәселелердің бірі. Осы кездесуден кейін біз пайдалы ақпарат алдық деп ойлаймын,- деді студент. 

Жоба аясында облыс жастарына арналған кездесулер мен профилактикалық шаралар ұйымдастырылып, интеллектуалдық ойындар өткізілді. Департамент басшылығы бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта жалғасатынын мәлімдеді.


Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу