ШҚО студенттеріне қаржылық сауаттылық сабақтарын өткізді
ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары Өскемендегі колледж студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандар Өскемен медициналық жоғары колледжінің және Корей колледжінің студенттеріне қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік тақырыбы бойынша лекция оқыды.
Кездесудың жалпы мақсаты – жастар арасында экономикалық мәдениет қалыптастыру, қаржы саласындағы білімдерін кеңейту, сауаттылығын арттыру, жаңаша бағдарламалар мен қызықты ақпараттармен бөлісу.
Кездесу кезінде халықтың несиеге батуы, қаржы пирамидалары, күмәнді инвестициялар және онлайн алаяқтар туралы кеңінен талқыланды.