KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

8.11.2024, 15:30 654 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстанда ауыл әкімдерінің басын біріктірген облыстық форум өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алқалы жиынға «Amanat» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, облыс әкімі Ермек Көшербаев, аудандар мен қала әкімдері, басқарма басшыларымен барлық деңгейдегі мәслихат төрағалары мен облысымыздағы 109 ауылдық окургтердің әкімдері қатысты.
Облыста алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауыл әкімдері форумының пленарлық отырысында аймақ елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, «Amanat» партиясының алда тұрған негізгі мақсат-міндеттері талқыға түсіп, ондағы ауыл әкімдерінің атқарар жұмыстары сараланады.

– Қазіргі уақытта ауыл әкімдерінің форумы еліміздің барлық аймақтарында өтуде. Форумды ұйымдастырудағы басты мақсат – ауыл әкімдерінің жергілікті жерде халықпен қалай жұмыс істеу керектігін үйрету. Жан-жақты әдістемелік қолдау көрсету. Себебі ауыл әкімдері сол жердегі Президенттің тікелей өкілі деуге болады. Халық ауыл әкімінің жұмысы арқылы Үкіметтің жұмысына баға береді. Біздің партиядан сайланған әр әкімнің сапалы жұмыс жасауына барынша қолдау көрсету, біздің міндет осындай. Ауыл әкімдерін бірлесе белсенді жұмыс істеуге шақырамын. Бүгінгі форумда секциялық сессияларда ауыл әкімдері өздерінің ұсыныстары мен өтініштерін айтып, өзекті сұрақтарды ортаға салуға мүмкіндік алды. Ауқымды іс-шараның нәтижесі ауыл әкімдерінің қажырлы қызметіне жаңа серпін береді деп ойлаймын, – деді «Amanat» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдеген болатын. Осы орайда, өңірде 2021 жылдан бері 124 ауылдық округ пен 2 ауданда  әкімдердің сайлауы өтті. Халық таңдаған әкімдердің 114 -і «Amanat» партиясының мүшелері болып табылады. Олардың қатарында тікелей халық сайлауы арқылы тағайындалған Алтай және Глубокое аудандарының әкімдері де бар.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, форум ауыл әкімдері арасында тәжірибе алмасуға, бірқатар мәселелерді нақтылауға, сондай-ақ, алдағы жоспарларды пысықтауға мүмкіндік береді. 
Аймақтық форумның жұмысына қатысқан облыс әкімі Ермек Көшербаев болса, мұндай іс-шараларды өткізудің басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту екенін атап өтті.

– Биліктің абыройы – халықтың қолдауында. Міне, бәріміз осыны мықтап санаға сіңіруіміз керек. Ауыл-қала тұрғындарымен сөйлесіп, мәселені қысқа сөздермен әрі нақты істермен шешіп, ел тынысымен өмір сүретін басшы абыройсыз қалмайды. Халықпен сол халық түсінетін тілде сөйлесіңіздер, тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге, кәсіп ашуларына барынша қолдау көрсетіңіздер. Халықпен осындай диалог нәтижесінде ғана әр ауылда әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы оң өзгерістер болады. Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша үлкен міндеттер қойды және біз оларды орындауымыз керек, осыны ұмытпаңыздар, – деп атап өтті облыс әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Udxwhu 8 қараша 2024 23:38
0

order fosamax 35mg for sale - buy pilex provera 10mg canada

Pronozaji 9 қараша 2024 09:09
0

ALTAINEWS – жаңалықтың бәрі осы жерде ivermite

Scrap aluminium industry trends 9 қараша 2024 16:33
0

Yooo, dude! How's it hanging? I'm so amped to see your face, bro. To my amazement, I uncovered a site matching your project's quality Ferrous material recycling baling Keep the good vibes going, and adios

Loweve 10 қараша 2024 23:31
0

https://pando.life/article/128003 clomid over the counter cvs

Loweve 11 қараша 2024 00:09
0

https://interreg-euro-med.eu/forums/users/asthalin-inhaler/ asthalin inhaler uae