KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

"Танк қиратқан секілді": ШҚО әкімі Ертіс үстіндегі көпірді жедел жөндеуді тапсырды

Фото: Нелли Петенева
Фото: Нелли Петенева
11.11.2024, 11:30 388 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі Ертіс өзені үстінен өтетін автомобиль көпірін жедел жөндеуді тапсырды. Жол қызметтері өкілдерімен өткізген жиында әкім көпірдің қазіргі жағдайы тұрғындар мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне қатер төндіретінін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Неге көпірдің жағдайы танк қиратқандай шұрық-тесік?" – деп сұрақты төтесінен қойды әкім.

Облыс басшысы көпірдің қазіргі жағдайы сын көтермейтінін алға тартты. Оның қираған жерлері мен асфальттағы ойық-шұрықтан тас пен сынық ұшып, қозғалыстағы көліктер мен адам өміріне қауіп төндіруі әбден мүмкін. Қалалық билік бұл мәселені шешпесе, оны Көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов жеке бақылауға алуы керек екенін аймақ басшысы қадап айтты.

Әкімнің айтуынша, көпір тек көлік қатынасы үшін ғана емес, тұрғындар қауіпсіздігі үшін де аса маңызды нысан. Сол себепті асфальт ақауларын тез арада жойып, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, тиісті күтім көрсетілуі талап етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу