KZ
Өскемен
+4°
туман жел 2 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

«Көпірден өтуге қорқатын болдық». Ұлан ауданындағы көпірдің жағдайы елді алаңдатады

5.08.2019, 10:45 133

Мамай батыр ауылының тұрғындары жаңа өткелдің салынуын талап етуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Апаттық жағдайдағы көпірдің үстінен өту өте қауіпті. Көпір деп атауға да келмейді. Ертең құлап кетсек, кінәні кімнен іздейміз? – дейді ауыл тұрғындары.

Өткелдің жағдайына көңілі толмаған жұрт әлеуметтік желідегі топтарға өткелдің бейнежазбасын жіберіпті.

Осы сұрақ бойынша біз Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағановқа хабарласқан едік.

– Көпірді осы көктемде және жазда жөндеуден өткізгендік. Ағаштарын ауыстырдық. Жүк көліктері жиі өткен соң әрине осындай мәселе туындайды. Көпірдің жағдайын әкімдіктегілер біледі. Облыс әкімінің өзі жөндеуді тапсырған. Көпірдің жағдайы мен сызба-нұсқасы мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Жуық арада шешілетін мәселе, – деді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив