KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

«Востоквзрывпром» ЖШС-де туындаған жағдайда тараптар заңға жүгінді (видео)

13.11.2024, 15:50 156 Гульжан Мусина

«Востоквзрывпром» ЖШС жүргізушілері соңғы 40 күн бойы жалақы ала алмай отырғандарын жеткізді.  Мәселенің мән-жайы мен тараптардың дәйегін  Altainews.kz тілшісі тыңдап қайтты.

Компания басшылығы жалақы төленбеу себебі жүргізушілердің дизель отынын ұрлады деген күдікке байланысты деп отыр. Алайда, бұл айыптауды жүргізушілер жоққа шығаруда. Тығырыққа тірелген тараптар теңдей заңға жүгінуде. 
"Даудың дәнегі неде екенін тек тиісті органдар ғана айқындап береді" деген ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов жүргізушілердің шағымы бойынша тексеру жүргізілгенін айтты. 

– Еңбек Кодексінің 115-бабына сәйкес, жұмыс істелген уақыт үшін толық жалақы төленуі керек, ал қаражатты ұстау тек сот шешімімен немесе қызметкердің келісімімен ғана мүмкін. Аталмыш жағдайда тараптар арасында болған келіссөздер нәтижесінде компания қазан айындағы жалақыны толық көлемде төлеуге және қараша айының 12-іне дейін толық есеп айырысуға келісті, – деп түйіндеді Бақытбек Құрманбекұлы.

Еңбек инспекторлары тарапынан жұмысшылар мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Өз кезегінде «Промстройбезопасность» ЖШС директоры Константин Антропов  күн соңына дейін жалақыны толық төлеуге уәде берді. 

- Жүргізушілердің бірқатары Семей, Түркістан, Шымкент, Тараз және Қызылорда қалаларынан келген едік. Жалақымызды бүгін кешке дейін аламыз деп үміттенеміз, бірақ мәселенің толық шешімін сот арқылы және заң аясында орындалуын талап етеміз, - деді жүргізуші Мұрат Баймендинов.

Бұл жағдайдан соң еңбек инспекциясы мен компания арасындағы келісім бойынша жүргізушілерге жалақы төленеді деп күтілуде, ал дизель шығыны мен көліктердің пайдалану мәселесі құқық қорғау органдары анықтайтын болады.

Төлеуғазы Жансая

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу