KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

ШҚО прокуратурасының араласуымен жалақы қарызы өтелді

Фото: depositphotos.com

24.09.2024, 18:00 112 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелерін ерекше бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мысалы, Риддер қаласының прокурорлары «Водоканал» кәсіпорнының 220 қызметкеріне 50 миллион теңгеден астам жалақы қарызы бар екенін анықтады. Марқакөл ауданы прокуратурасы «Теректі» коммуналдық кәсіпорнында 16 қызметкердің екі ай бойы жалақы алмағанын, қарыз сомасы 5,4 миллион теңгені құрағанын анықтады.

Прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде аталған өңірлерде жалақы қарызы толығымен өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ШҚО прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын қатаң сақтауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу