KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Тарбағатайдың үш ауылында  су құбырлары тартылып, кәріз жүйелері жаңартылуда

Бүгін, 13:30 43 Гульжан Мусина

ШҚО облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай ауданында тұрғындармен кездесу барысында маңызды инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп, олардың шешілу жолдарын атап өтті. Солардың бірі - таза ауыз су мәселесі,  деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін халықты 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етуді міндеттеген болатын. Осы тапсырма аясында Тарбағатай ауданында барлық 28 елді мекен 100% су ресурстарымен қамтамасыз етілген. Бірақ, әр үйге орталықтандырылған таза су жеткізу мәселесінде кейбір қиындықтар бар. Қазіргі уақытта Құйған мен Жаңаауылда су құбырлары мен Ақжар ауылындағы кәріз жүйелерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың құны 1,3 млрд. теңгені құрайды, ал нәтижесінде 1 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс жағдайы жақсарады. Сондай-ақ, аудандағы 7 шағын ауылда су тазарту станциялары орнатылып, бірнеше жыл ішінде әр үйге сапалы ауыз су беру жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу