KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

ШҚО тұрғынының алимент бойынша берешегі 10 млн теңгеге жеткен

ШҚО ПД

Кеше, 21:00 35 Назерке Каримова

Өскемен қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған баласына 2011 жылдан бері алимент төлемеген.

Борышкерді ШҚО ПД Көші-қон қызметі анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі алимент төлемейтіндерді анықтау және іздестіру жұмыстары барысында 2011 жылдан бастап кәмелетке толмаған баласына алимент төлеу бойынша өз міндеттемесін орындамаған 40 жастағы ер адамды анықтаған. Қарыз сомасы шамамен 10 миллион теңгені құрады, - делінген ақпаратта. - Көші-қон қызметіне хабарласқан жеке сот орындаушысының қаулысымен алимент өндірушіге сот шешімін орындамағаны үшін іздестіру жарияланған.


Тәртіп сақшылары борышкердің мекенжайын анықтады. Жақын арада сот орындаушылары қарызды өндіріп алумен айналысады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 35-тен астам алиментшіні анықтады. Бір күнде 5 ұқсас жағдай анықталған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу