Қазақстанда 1,7 млн бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылуда
pexels.com
Қазақстанда бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жалғасуда. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, қазіргі таңда 1,7 миллион оқушы мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылған. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 162 миллиард теңге бөлінген.
Тегін тамақ беру бастамасы балалардың денсаулығын нығайтуға және білім алуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Әсіресе, әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалар үшін бұл қолдау аса маңызды.
Бұл жоба еліміздің білім беру жүйесіндегі әлеуметтік теңдікті арттырып, барлық оқушылар үшін бірдей жағдай жасауға септігін тигізуде.