KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Биылдан бастап бастауыш сынып оқушыларына тегін тамақ беріледі

Фото: stan.kz

14.08.2023, 11:49 184 Ләззат Қанатқызы

Биыл қыркүйектен бастап елімізде 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілетін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңгені құрайды, ең жоғары баға Алматы қаласында 800 теңгені құрайды.

- Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6% құрады. Олар: Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Осылайша, жаңа оқу жылынан бастап 100% көрсеткішке қол жеткізілетін болады, - деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, бүгінде министрлік мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу