Риддерде қысқы маусым ашылуында «Еліме алғыс!» акциясы өтті (Видео)
фото: видеодан скриншот
Риддер қаласында қысқы спорт түрлерін дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ерекше акция ұйымдастырылды. Қала тұрғындары еліміздің көк туын көтеріп, тау бөктерінен шаңғымен сырғанап түсіп, әсерлі бейнеролик түсірді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Риддерде қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін тегін секциялар жұмыс істейді. Олардың қатарына:
- тау шаңғысы,
- сноуборд,
- шаңғы жарысы,
- биатлон,
- фристайл могул,
- трамплиннен шаңғымен секіру жатады.
Қалалық әкімдік бұл бастаманың тұрғындарды спортқа тарту және қысқы спорт түрлерін дамытуға ықпал ететініне сенім білдіруде.
Риддер қаласы әкімдігі
Оқи отырыңыз