KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң қабылданды

pexels.com

Бүгін, 17:00 30 Төлеуғазы Жансая

2024 жылғы 22 қарашада Қазақстан Президенті тұрғын үй саясатын реформалауға бағытталған заң жобасына қол қойды. Бұл құжат тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлуді орталықтандыру арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейді.

Заң Мемлекет басшысының 2020 жылғы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Президент «Отбасы банк» негізінде тұрғын үйге қатысты барлық процестерді орталықтандыратын толыққанды даму және қолдау институтын құруды тапсырған болатын.

Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйді есепке алу, кезекке қою және бөлу функциялары «Отбасы банкке» беріледі. Банк базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылып, ол бірыңғай ақпараттық база ретінде жұмыс істейді.

Соңғы 5 жылда тұрғын үйі жоқ барлық азаматтарға кезекке тұру құқығы беріледі. Енді кезекке қою азаматтың белгілі бір санатқа жатуына тәуелді болмайды.

Мемлекеттік қолдау шаралары бір рет қана беріледі. Тұрғын үйді бөлу процесі азаматтардың кезекке тұрған күні мен кіріс деңгейіне негізделеді.

Сатып алу құқығынсыз жалға алынған тұрғын үйлерді жекешелендіру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл құқық, әсіресе жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға беріледі. Жекешелендіру 30% бастапқы жарнаны енгізіп, 10 жылға дейін бөліп төлеу негізінде жүзеге асады.

Заңның ережелері ресми жарияланған күннен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді. Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй кезегіне қою мен оны бөлу жұмыстарын жалғастыра береді.

Бұл реформалар тұрғын үй саясатын тиімдірек етіп, азаматтардың баспана алу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу