Жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Фото: telegra.ph
«Отбасы Банкі» арқылы жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. 300 млрд теңгемен қаржыландырылатын бағдарлама 12 мың отбасыны баспанамен қамтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7% пайыздық мөлшерлемемен жеңілдікті шарттар көзделеді, ал азаматтардың барлық басқа санаттары үшін мөлшерлеме 9% болады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2024 жылы «Тұрғын үй саясатын реформалау туралы» заң қабылдау жоспарланған. Заң «Отбасы банкі» негізінде тұрғын үйді орталықтандырылған есепке алуды және тұрғын үйді бөлуді қамтамасыз ететін даму және қолдау институтын құруды көздейді.
«Отбасы банкі» базасында тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатын болады. Онда барлық азаматтар белгілі бір санатқа жатпаса да, есепке тұра алады.