Көптен күткен қуаныш: ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы бала дүниеге келді
Фото: pexels.com
Өскемен қаласының ерлі-зайыптылары үш жыл бойы бедеулікпен есепте тұрып, консервативті ем қабылдағанымен, нәтиже болмады. Олар көмекші репродуктивті технологияларға жүгініп, экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісі арқылы ата-ана болу бақытына ие болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 27 жастағы тұрғын қыз баланы дүниеге әкелді. 20 қараша күні 3050 грамм салмақпен және 48 сантиметр бойымен өмірге келген нәресте Өскемендегі Ана мен бала орталығында дүниеге келді.
Репродуктологтың айтуынша, бұл бағдарлама келесі жылы да жалғасады.
Айта кетейік, соңғы үш жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысындағы 482 отбасы көптен күткен сәбилерін сүйді.