Онкологиялық орталықтың дәрігері өкпе обырын диагностикалаудың ең тиімді әдісі туралы айтты
Төмен дозалы компьютерлік томография – бұл жоғары сезімталдықпен сипатталатын және өкпедегі патологиялық өзгерістерді ерте сатысында анықтауға мүмкіндік беретін медициналық бейнелеу әдісі. Бұл сәтті емдеу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Малика Мейрманова айтып өткендей, ТДКТ арқасында дәрігерлер ісікті тіпті кішкентай мөлшерде – 5-10 миллиметрге дейін анықтай алады.
Еуропалық зерттеулерге сәйкес, төмен дозалы компьютерлік томографиянының көмегімен тұрақты жүргізілген скрининг обыр ауруының 50-70% - ын I-II сатысында анықтайды, бұл оталарды сәтті жасауға мүмкіндік береді. Рентген және флюорография сияқты дәстүрлі әдістер кеселді соңғы кезеңдерінде, сәтті емдеу мүмкіндігі айтарлықтай төмен болған кезде анықтайды.
Айна Ескенқызы