KZ
Өскемен
-34°
плотный туман жел 1 м/с, В
510.43 594.86 6.49

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қыста да жалғасады

27.11.2024, 16:30 466 Гульжан Мусина

Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қыста да жалғасады, деп хабарлайды  Аltainews.kz тілшісі.

ШҚО еріктілер фронт-офисінің өкілдері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Жас толқын» экологиялық ғылыми клубының мүшелерімен кездесіп, қала мен облыс экологиясын жақсартудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ, елімізде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» акциясының маңызын атап өтіп, жастардың жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды және алдағы ауқымды шаралар туралы баяндады.

- «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы қыс мезгілінде тоқтап қалмайды. Керісінше, біз экологиялық ағартушылық шараларды жандандырамыз. Біздің қалалар мен аудандардағы барлық экоеріктілер, экосақшылар, экобелсенділер жер-жерде жастармен және тұрғындармен түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырып, семинар-сабақтар өткізуде. Басты мақсатымыз – табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты мәселелерді халық пен жастардың бойына сіңіру, – дейді ШҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айдос Әділбекұлы.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер бөлімі жетекшісінің орынбасары Анас Бақдәулеттің айтуынша, аталған оқу орнының студенттері «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып келеді. Алдағы уақытта университеттің экоеріктілері қала тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды жою және қала экологиясын жақсарту бағытында қала әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Жанаргүл Мұқатай

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу