Ермек Көшербаев: «Көктемгі су тасқынына тойтарыс беруде бір емес, бірнеше тәсіл дайындап отырмыз» (Видео)
Шығыс Қазақстан көктемгі су тасқынына қарсы толық дайындық жүргізіп, елді мекендерді су басу қаупінен қорғау шараларын қолға алуда. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев брифинг барысында мәлімдеді.
Су тасқыны кезеңіне дайындық өткен жылдардағы табиғи құбылыстарды талдау негізінде маусым айында басталды. 55 су тасқынына қарсы іс-шараны қамтитын инженерлік жұмыстар жоспары бекітіліп, облыстың 13 өңірінде жүзеге асырылуда.
Іс-шаралар аясында өзен арналарын тазарту, кеңейту, қорғаныс бөгеттерін жөндеу, дренаж жүйелерін салу, су өткізу құрылыстарын орнату және ауыстыру сияқты жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жоспарланған 55 іс-шараның 45-і (82%) аяқталды. Қалған 10 жоба желтоқсанның соңына дейін орындалмақ.
Су тасқынына қарсы атқарылған жұмыстар нәтижесінде, елді мекендерді қауіпсіздендіру деңгейі біртіндеп артып келеді және бұл жұмыстар үздіксіз жалғасуда.