ШҚО: 10 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
Облыс аумағында су басу қаупі бар 71 елді мекен анықталған.
Осы уақытқа дейін өткізілген су тасқынына қарсы іс-шараларды ескере отырып, 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз қызметінде ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кекиева айтты.
Бүгінгі таңда облыс аумағында 14 047 адам тұратын, 5 007 тұрғын үй орналасқан 2 қала мен 9 ауданда су басу қаупі бар 71 елді мекен анықталған. Өткізілген су тасқынына қарсы іс-шараларды ескере отырып, 71 елді мекеннің 15 елді мекенінде қауіп жойылды, 46 елді мекенде қауіп азайтылды.