Қазақстанның екі облысында қатты аяз салдарынан оқушылар қашықтан оқытуға көшті
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 10 желтоқсан күні қатты аязға байланысты оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қарағанды, Шахтинск, Теміртау қалалары мен Абай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн оқуға көшті. Бұқар-Жырау ауданында барлық сыныптардың оқушылары қашықтан оқуда.
Шығыс Қазақстан облысының Білім беру басқармасының мәліметінше, 2024 жылғы 10 желтоқсанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар мектептерде сабақтар уақытша өткізілмейді:
• Риддер қаласы:
Температураның -27,4 градусқа дейін төмендеуі, шығыс және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 2 м/с (екпіні 5 м/с) салдарынан 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылды.
• Алтай ауданы:
Жаңбыр және қатты көктайғаққа байланысты келесі білім беру мекемелерінде 0-4 сыныптарда сабақтар өткізілмейді:
• «Новокрестьянская БМ» КММ,
• «Харин атындағы бастауыш мектебі» КММ,
• «Крестовская БМ» КММ,
• «Путинцевская ОМ» КММ,
• «Соловьевская ОМ» КММ,
• «Чапаевская ОМ» КММ,
• «Бикетов атындағы орта мектебі» КММ.
• Самар ауданы:
Температураның -34 градусқа дейін төмендеуіне байланысты «Аққала ауылындағы мектеп-балабақша кешені» КММ-де сабақтар қашықтықтан жүргізіледі.
Облыс тұрғындарын ауа райы жағдайына бейімделуге шақырамыз. Балалар мен ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтап, төтенше жағдайлар туралы хабарландыруларға назар аудару ұсынылады.