KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
514.93 536.04 5.18

Тарбағатай тарланы – Хамит ақын

13.12.2024, 10:30 36 Гульжан Мусина

Тарбағатай ауданында Шығыс халқына танымал, тағылымды жырдың тарланы атанған арқалы ақын Хамит Балшабековтың 85 жасқа толуына арналған «Өмір саған ғашықпын...» тақырыбында  поэзиялық еске алу кеші, облыстық жыр мүшәйрасы, сурет көрмесі болып өтті.

Хамит Балшабеков Шығыс өңірінде алғаш айтыс, поэзия - сөз өнерінің дамуына аса зор үлес қосқан тума талант.  Облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы.  «Жылқышы әні», «Өмір саған ғашықпын», «Балтамыр», «Қантамыр» атты жыр жинақтарының авторы. Х.Балшабеков Тарбағатай ауданының мәдени, рухани саласына өлшеусіз еңбек сіңірген аса қуатты дарын иесі. Ақын жырлары адами қасиеттерді, жақсылық пен жамандықты, өмір қайшылықтары мен құндылығын  жырлаумен ерекшеленеді. Ақынның «Көкдауыл», «Ертіске кеткен егіз арман»  дастандары мен поэмаларының өзі бір-бір кітапқа жүк болған асыл, рухани қазыналар. Сондықтан да болар, ел арасында Хамаңды «Шығыстың Мұқағалиы» деп те атап кеткен.

Аудандық мәдениет үйінде өткен кеш шымылдығы Қанат Ниязбеков, Тұрсынбек Дүзбаев сынды танымал актерлар бастаған облыстық драма театрының ұжымы әзірлеген «Ақындар деген елденмін...» деп аталатын ақын шығармашылығынан сахналық поэтикалық қойылымымен ашылды.

Жиналғандар алдында сөз алған Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев Хамит Балшабековтың шығармашылығына, марқұмның аудан, облыс руханиятына қосқан елеулі үлесіне тоқтала келе ақынның жары Бану апамызға құттықтау хатын тапсырып, сый-сияпат көрсетті.

- Бұл мүшәйраға облысымыздың бірқатар аудандарынан 40-қа жуық ақын (бүркеншек атпен) қатысып, бақ сынады. Ешқандай бұрмалаушылық болған жоқ. Қазылар қатарында елімізге танымал Әлібек Қаңтарбаев, Түсіпхан Түсіпбеков, Серік Құсанбаев сынды ақын-жазушылар болды,  – дейді осы шараны ұйымдастырушы, ақынның соңында қалған рухани мұрасын жинастырушы Ақжар мәдениет үйінің директоры Шәкен Көпшікбаева.

Қазылар алқасының сараптамасы нәтижесінде төмендегідей ақындар мен суретшілер жүлдегер атанды.

Бас бәйге – Әлихан Ошанбай. Тарбағатай ауданы.

І орын – Қанат Сағатбеков, Әлен Арна. Тарбағатай ауданы.

ІІ орын – Меруерт Мұхамадиева. Семей қаласы.  Мұратхан Ахметбек. Өскемен қаласы.

ІІІ орын – Сәуле Нұрғалиева, Тарбағатай ауд. Айгерім Жүрекбаева. Зайсан ауд. Халелхан Әділханов. Алматы.

Х.Балшабеков атындағы «Өлең-өмір» сыйлығы:

Естай Жаңабай - Ұлан ауданы, Дәурен Бақдәулет – Алматы, Нұрболат Абзалханов – Өскемен, Жасұлан Жобалаев – Ақсуат, Серік Ахметов - Ақсуат.

Х.Балшабеков атындағы «Арнайы» сыйлық: Амангелді Тетепов – Шемонаиха, Дастан Қабылаев - Зайсан ауданы, Ринат Қожахметов - Тарбағатай ауданы, Сайлаухан Сағидолдин - Тарбағатай ауданы, Жұлдыз Ғабдуллина - Тарбағатай ауданы.

Сурет көрмесінен орын алғандар:

Бас жүлде – Еркебұлан Жакишев;

І орын – Әділет Шоқанов, Мейір Жетпісов.

ІІ орын – Айнұр Жұмабекқызы, Ажар Нағызханова;

ІІІ орын – Ерік Сүлейменов, Алуа Қайдарова.

Арнайы сыйлық - Дилинур Исмаилова, Лаура Дүйсенбаева, Мархабат Тлебалдина, Мейірім Абзалханова, Асқар Якубжанов, Еркенұр Серікбай.

Хамит Балшабековты еске алуға арналған поэзия кешіне ақынның туған ауылы Шіліктіден бір топ ауылдастары, ақынның жұбайы Бану апай және балалары арнайы келді.

Серік Құсанбаев

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу