KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Алтай Аманжоловтың іргелі зерттеулері – түркі мәдени мұрасын жаңғыртудың қайнар көзі

Кеше, 16:30 89 Гульжан Мусина

Өскемендегі Қазақстан-Американдық еркін университетінде  түркітанушы ғалым Алтай Аманжоловтың туғанына 90 жыл толуына орай «Алтай Аманжоловтың іргелі зерттеулері – түркі мәдени мұрасын жаңғыртудың қайнар көзі» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алқалы жиынға Қазақстан-Американдық еркін университетінің Президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Ережеп Мәмбетқазиев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, «КМ» компаниялар тобының және «Кетбұқа-Төлегетай» халықаралық қоғамдық қорының президенті Қайрат Мусин қатысты. 

- Бұл шара әйгілі түркітанушы Алтай Аманжоловтың еңбек жолы мен ғылыми жетістіктерін насихаттап, оның түркітану саласына қосқан үлесін кеңінен таныстыруға бағытталған. Қатысушыларды аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың және шығыс жұртшылығының атынан конференцияның ашылуымен құттықтаймын. Ғалымның өшпес мұрасын жастарға таныстыру мақсатындағы алқалы жиынға алыстан келген  меймандар мен шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, - деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Конференция барысында Стамбул университетінің профессоры, доктор Кюршат Йылдырым, Әлішер Навои атындағы Ташкент өзбек тілі мен әдебиеті мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдары бойынша философия докторы Анвар Буранов, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының дәстүрлі мәдениет пен өнер ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, түркология PhD докторы Бокей Конокбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлмира Мәдиева, М.Әуезов атындағы Әдебиет пен Өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш білікті ғалым, зерделі зерттеуші Алтай Аманжоловтың түркологияға қосқан үлесі мен ғылыми мұралары жайлы құнды баяндамалар жасады.

Бұл конференция қазақ және түркі мәдениетінің дамуы, ұлы ғалымның мұраларын зерттеу және оны жаңғыртуға қатысты ғылыми талқылаулар мен пікір алмасу алаңы болды.

Айжанат Бақытқызы

Фото: Данияр Сагидолдин

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу