Өтініштерді рәсімдеу тәртібін білесіз бе?
Фото: pexels.com
Құрылыс объектісі бойынша азаматтық және заңды мүдделеріңіз бұзылған жағдайда, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына өтінішті қағаз жеткізгіште немесе eOtinish.kz электронды порталы арқылы жіберуге болады.
Өтініш беру үшін eOtinish.kz немесе eGov mobail https://egovmobile.page.link/eOtinish сайтының сілтемесіне өту қажет. Кейін өтініш түрін таңдап, қажетті мемлекеттік органның атауын жазу керек. Бұдан соң дәлелді негіздер мен растайтын деректер болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын талап ету арқылы өтініштің мәнін сипаттау қажет. Сонымен қатар, оқиға орнын көрсетіп, фото, аудио және бейне файлдарды бірге жолдауға болады.
Жіберілгеннен кейін өтінішке бірегей нөмір беріледі. Ал жауабын eOtinish.kz және eGov mobile https://egovmobile.page.link/eOtinish сайты арқылы жеке кабинеттен көре аласыз. Сондай-ақ, нәтижелермен ХҚКО-ның жақын жердегі бөлімшесінде немесе өтініш берілген мемлекеттік органда ЖСН немесе өтініш нөмірі бойынша танысуға болады.
Қазақстан Республикасының ӘРПК бойынша өтінішке қойылатын талаптар:
- Ауызша нысанда берілген өтінішті жеке органға өтінішті қабылдаған лауазымды адам немесе әкімшілік органның қызметкері хаттамаға енгізеді.
- Жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініште хаттамада:
- жеке тұлғаның аты-жөні, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
- өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
- үндеудің мәні;
- өтініш берілген күн;
- өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.
Өтініш 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Бұл мерзім екі айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Назгүл Нұрланқызы