KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 3 м/с, ОБ
512.34 582.07 6.31

ХҚО-ның қағаз жүзінде көрсететін қызметтеріне өтінішті онлайн беруге болады

10.07.2020, 17:58 385

Азаматтарға арналған үкімет өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтықтан беру мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақтық бас санитарлық дәрігерлердің шешіміне сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыстардағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейтінін еске саламыз. ХҚО-ға кезек уақытын алдын ала брондау қажет. 

Енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б.

 Таяу арада бұл тізім тағы 6 қызметпен толықтырылады деп жоспарлануда, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау және т.б.

Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кіруі керек. Одан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Содан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б. толтыру қажет.

Сондай-ақ, құжаттардың сканерленген көшірмелері (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен нақтылауға болады), қызмет алушының еркін үлгіде жазылған және қолтаңбасы қойылған өтініші қоса жүктелуі қажет. «Қабылдаушы» деген жерге қызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалады.

Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі тиіс.

Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек.

Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу