KZ
Өскемен
-15°
плотный туман Штиль
526.81 542.72 5.16

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

13.12.2024, 09:00 140 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 13 желтоқсан күні түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман, ал оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні секундына 15-20 м/с дейін жетеді.

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге жолға шықпас бұрын көліктерінің қыс мезгіліне сай жабдықталғанына көз жеткізуді ескертеді. Егер көлік дайын болмаса, елді мекендерден тыс жерлерге сапар шекпеу ұсынылады.

Жолға шығар алдында қажетті заттар тізімі:

    •    Сүйрейтін арқан;
    •    Жанармай қоры;
    •    Күрек;
    •    Қол шам;
    •    Алғашқы медициналық көмек қобдишасы;
    •    Жылы киім мен азық-түлік.

Автомобиль жүргізушілері жылдамдық режимін сақтап, абай болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін сақтық шараларын ұстануға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу