KZ
Өскемен
+9°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

Ntime.kz

Бүгін, 09:00 0 Төлеуғазы Жансая

"Қазгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпаратына сәйкес, 28 қазанда облыстың солтүстігінде және шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын — жаңбыр мен қар күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Өскемен қаласында да оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құтқарушылар жолға шықпас бұрын көліктегі қажетті құралдарды — сүйреткіш арқан, ескерту үшбұрышы, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы көмек қобдишасы, жылы киім мен азық-түлікті тексеруді ұсынады. Жолға шықпас бұрын көліктер толықтай жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпаған жөн.

Төтенше жағдайда "112" нөміріне хабарласып, құтқарушылардан көмек шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттағышты өзіңізбен бірге алып жүру қажет.

Сонымен қатар құтқарушылар көлік жүргізушілеріне жылдамдықты сақтау қажеттігін ескертеді, ал жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту шараларын қабылдағаны жөн. Желдің екпіні күшейгенде, сымдар мен тербелетін заттардан алыс тұру, ағаштар мен автобус аялдамаларының артына тығылмау керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив