KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Қатты қар, боран және көктайғақ – Шығыс Қазақстандағы дауылды ескерту

pexels.com

11.11.2024, 19:30 89 Гульжан Мусина

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 12 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 12 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-18 м/с. 

Егер сіздің көлігіңіз  қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпағаныңыз жөн.
Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге мына заттарды жолға алуды ұсынады: сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік, шамдар.
Автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.
Желдің қатты екпінінен тез арада ғимаратқа тығылыңыз, желден үй қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама тақтайшалардың жанында, ағаштардың астында тығылмаңыз.Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті шіріген, ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанында қалдырмаңыз.  
Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу