KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
511 602.72 6.49

Өскеменде Тәуелсіздік мерекесіне орай тегін көрсетілім өтті (Видео)

15.12.2024, 13:00 1 032 Төлеуғазы Жансая

Бүгін Өскемен қаласында қазақ тіліндегі дубляжбен «Моана 2» анимациялық фильмі мектеп оқушыларына тегін көрсетілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында жуықта көрерменге жол тартқан танымал мультфильм облыс орталығында тегін көрсетілді.

- Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Өскеменде үлкен іс-шара өтіп жатыр. Қаламыздағы көпбалалы, аз қамтылған, ерекше білімді қажет ететін 480 оқушы бүгін «Моана 2» анимациялық фильмінің тегін көрсетіліміне келді. Бұл біздің оқушыларымызға үлкен қолдау, - деді Өскемен қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Альмира Қабидолдина. 

Алайда, тегін көрсетілімге келеді деп күтілген әр бала достарын ерте келгендіктен кинотеатрдың ең үлкен 540 орындық залына 700-ге жуық көрермен жиналды.

- Білім және мәдениет басқармалары бірлесе отырып, кинотеатр қолдауымен оқушыларға қазақша дубляждағы «Моана 2» анимациялық фильміне тегін көрсетілім ұйымдастырдық. Балалар бір-біріне айтып, өздері ғана емес, құрбы-құрдасарын ерте келген екен. Сондықтан зал лық толы, - деп атап өтті ШҚО Мәдениет басқармасы басшысының м.а Самат Касенов. 

Фильм Моана мен оның адал серігі Мауидің мұхиттағы ғажайып шытырман оқиғаларына толы қызықты сапарлары туралы баяндайды.

Аталмыш туынды Disney кинокомпаниясы өз қаражатына қазақша дубляждаған екінші анимациялық фильм. Орыстілді дубляжда Моананы танымал әнші Назима дыбыстаса, қазақша үн кино әртісі Құралай Өтепованың даусы. Сонымен қатар, мульфильмді тамашалау барысында көрермендер актер Қобыланды Болат, әнші Садраддин, әнші Гаухар Өмірзақованың дауыстарын естиді.  

Айта кету керек, осы кинокомпания алғаш қазақ тіліне дубляждаған «Ойжұмбақ 2» фильмі көрсетілімнің бірінші аптасында-ақ 40 млн теңге жинаған еді. Бұл қазақша дыбысталған мультфильм табысы жағынан Disney мен Pixar компаниялары Қазақстан нарығына шығарған барлық фильмдерді басып озды. 

Бұл жағдай елімізде киноиндустрияның қазақтілді контентіне сұраныс еселеп артқанын көрсетеді. 

 
Ақерке Рағызбаева 
Фото: Махаббат Ахметжанова
Видео: Данияр Сагидоллдин

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу