Шығыс Қазақстанға еліміздің түкпір-түкпірінен Аяз Аталар келеді (Видео)
«Аяз ата, Ақшақар-2024» фестивалі – Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылардың басын қосып, қуаныш пен қыстың сиқырлы атмосферасын сыйлайтын бірегей оқиға,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Фестиваль 19-21 желтоқсан аралығында өтеді. Фестиваль қонақтары мен қатысушыларын үш күндік қызықты әрі алуан түрлі бағдарлама күтеді.
19 желтоқсан күні Риддер қаласында олимпиадалық резерв мектебінің аумағында ертегі кейіпкерлерінің шаңғы жарысы, жаңа жылдық көңіл-күйді көтеретін қызықты флешмоб өтеді. Фестивальдің бірінші күнінің қорытынды кезеңінде Риддер қаласында ертегі кейіпкерлерінің шеруі мен аудан өнерпаздарының концерті, сондай-ақ қаланың бас шыршасын салтанатты түрде жағу болмақ.