KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
522.63 548.66 5.07

Заңсыз саудаланып жатқан пиротехникалық заттар тәркіленуде

Бүгін, 13:00 46 Төлеуғазы Жансая

Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және пиротехникалық бұйымдардың айналымы мен қолданылу ережелерінің сақталуын бақылау үшін 2024 жылдың 5 желтоқсанынан бастап,  2025 жылдың 3 қаңтары аралығына дейін облыста республикалық «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері мен мемлекеттік өртке қарсы қызметі рейдтер жүргізіп, пиротехниканың заңсыз әкелінуі, сатылуы және қолданылуын, сондай-ақ сертификатталмаған тауарларды жеткізумен айналысатын тұлғаларды анықтауда. Осы уақытқа дейін облыста пиротехникаларды құжатсыз сатудың бір дерегі анықталған. Глубокое  және Ұлан аудандарында 29 пиротехникалық бұйым тәркіленген.

 

Пиротехниканы сақтау және сату тек қауіпсіздік талаптары қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Олар өрт сөндіру құралдарымен, дабыл жүйелерімен жабдықталған арнайы орындарда сақталуға тиіс. Соңғы екі жылда пиротехникалардың кесірінен болған өрт деректері тіркелмегенімен, 2018 жылдың Жаңа жыл мерекесі күндерінде осы жарқыратқыш заттардың қолдану қауіпсіздігін сақтамаудың салдарынан екі өрт оқиғасы орын алған.

Қазіргі уақытта облыс аумағында азаматтық пиротехникалық заттарды сақтау және пайдалану бойынша 4 нысан тіркелген.

Өскемен қаласында:

  •  «Улан» ЖШС: (Виноградов көшесі, 17а, «Дос-Нар» сауда үйі; Бажов көшесі, 331/1, «Самал» сауда үйі; Шәкәрім көшесі, 162А, «Ворошилов» базары; Меновное ауылы, Шоссейный тұйығы, 26/10, «Светофор» сауда үйі);
  • «СТиК» ЖШС: (Қ.Сәтпаев даңғылы, 76/2, «METRO» сауда үйі; Жібек Жолы көшесі, 1, «Магнум» сауда үйі; Бажов көшесі, 110, «АДК» сауда үйі).

Алтай қаласында:

  • «Алтай Салют» ЖШС: Первомайская көшесі, 23/2;
  • «Алтай Уют» ЖШС: Геологическая көшесі, 42.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті пиротехникалық өнімдерді сатып алу кезінде олардың сақтау және сату мерзіміне назар аударуды ескертеді: егер өнімнің мерзімі өтіп кеткен болса, оны қолдануға болмайды. Пиротехникалық құралдарды пайдаланған кезде темекі шегуге және балаларға атқызуға тыйым салынады. Ракеталарды автотұраққа жақын жерден атуға болмайды. Пиротехникалық бұйымдардан 50 метр радиуста өрт қауіпі бар объектілер болмауы тиіс. Көрермендер пиротехника қойылған алаңнан 15-20 метр қашықтықта болуы қажет.

-Пиротехникалық бұйымдарды сақтау, тасымалдау және сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанынын еске саламыз, - деді Жаңа жыл мерекелерін қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету тақырыбына арналған  брифингте Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу