KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Шығыс Қазақстан облысында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Фото: ШҚО ПД

10.12.2024, 16:00 70 Гульжан Мусина

2024 жылдың 5 желтоқсанынан 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін облыста республикалық «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның мақсаты – Жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пиротехникалық бұйымдардың айналымы мен қолданылу ережелерінің сақталуын бақылау.

Полиция қызметкерлері мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет мамандары рейдтер жүргізіп, пиротехниканың заңсыз әкелінуі, сатылуы және қолданылуын, сондай-ақ сертификатталмаған тауарларды жеткізумен айналысатын тұлғаларды анықтайды.

– Пиротехниканы сақтау және сату тек қауіпсіздік талаптары қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бұл бұйымдар өрт сөндіру құралдары мен дабыл жүйелерімен жабдықталған арнайы орындарда сақталуға тиіс екенін еске саламыз, - дейді ШҚО ПД.

Қазіргі уақытта облыс аумағында азаматтық пиротехникалық заттарды сақтау және пайдалану бойынша 4 нысан тіркелген:

Өскемен қаласында:

    •    «Улан» ЖШС:
    •    Виноградов көшесі, 17а, «Дос-Нар» сауда үйі;
    •    Бажов көшесі, 331/1, «Самал» сауда үйі;
    •    Шәкәрім көшесі, 162А, «Ворошилов» базары;
    •    Меновное ауылы, Шоссейный тұйығы, 26/10, «Светофор» сауда үйі.
    •    «СТиК» ЖШС:
    •    Қ.Сәтпаев даңғылы, 76/2, «METRO» сауда үйі;
    •    Жібек Жолы көшесі, 1, «Магнум» сауда үйі;
    •    Бажов көшесі, 110, «АДК» сауда үйі.

Алтай қаласында:

    •    «Алтай Салют» ЖШС: Первомайская көшесі, 23/2.
    •    «Алтай Уют» ЖШС: Геологическая көшесі, 42.

Пиротехникалық бұйымдарды сақтау, тасымалдау және сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу