Президент тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандардың кінә дәрежесін анықтауды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған 2 мың адамның кінә дәрежесін анықтауды тапсырды.
"Қайғылы қаңтар" оқиғасы мен одан кейінгі төтенше жағдай кезінде түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Ауыр қылмыс жасағандар заңға сәйкес жазаланады. Бас прокуратураға басқа тұлғалардың кінәсіне қарай қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырамын. Ауыр мән-жай анықталмаса, жеңіл шаралар қолданылсын", - деп жазды Президент Twitter-де.
Оқи отырыңыз