KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Есірткіні онлайн саудалайтындар өмір бойы бас бостандығынан айырылады

30.07.2019, 04:13 134

Қазақстанда интернет арқылы есірткі саудалайтындарды 15-20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру ұсынылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі соңғы жылдары ғаламтор желісі арқылы кең таралып кеткен синтетикалық есірткілер туралы айтып, дабыл қағуда. Жыл сайын осындай жарнама жариялайтын 4,5 мың сайт бұғатталады екен. Бірақ есірткінің таралуы тежелмей отыр.

Есірткі заттарын онлайн таратуға қарсы күрестің тиімді болуы үшін арнайы түзетулер енгізіліп отыр. Бұл есірткі пайда болғаннан кейін аз уақыт ішінде оны тыйым салынған заттардың тізіміне қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталған тізімге барлық белгілі есірткілер мен оларға балама заттар кіргізілген.

- Одан бөлек, интернет-ресурстар арқылы есінрткі таратуға байланысты бірқатар заңнамалық бастамалар қарастырылуда. Мұндай қылмыстың қауіптілігін ескере отырып, есірткіні онлайн саудалайтындарды 15-20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау ұсынылып отыр, - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігінен.

Бұл ұсыныс жақын арада Мәжілістің қарауына берілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив