KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, З
525.11 546.74 4.88

Тіл мен мәдениетті қолдау – бұл егемендіктің маңызды бөлшегі

3.01.2025, 15:00 344 Гульжан Мусина

Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында айтқан «Мақсатым экономика мен егемендікті нығайту» деген пікірі еліміздің даму бағытына үлкен назар аударуға себеп болды. Президенттің бұл сөзі елдің болашағын тек экономикалық өсу мен саяси тұрақтылықпен ғана емес, ұлттық тәуелсіздік пен мәдени байлықты сақтап, дамыту арқылы нығайтуға бағытталғандығын көрсетеді.

Экономика мен егемендікті нығайту арасындағы тығыз байланысты Тоқаев өте дұрыс атап өтті. Қазіргі таңда мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығы мен қарқынды дамуы біздің халықаралық аренадағы орны мен тәуелсіздігіміздің сақталуына маңызды әсер етеді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды, соның ішінде тіл мен мәдениетті қолдау – бұл егемендіктің маңызды бөлшегі. Қазақ тілінің дамуы мен оның мемлекеттік деңгейде қолданылуы – ұлттың өз болашағына деген сенімін арттырып, тәуелсіздіктің нығаюына ықпал етеді.

Президенттің ұстанымы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтерумен қатар, еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуында да маңызды рөл атқаратынын айқын көрсетеді. Тоқаевтың сұхбатындағы бұл көзқарастар елімізде тек экономикалық емес, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен тіл мәселесіне ерекше мән берілетінін аңғартады. Бұл өте маңызды әрі уақытылы пікір, әсіресе, бүгінде жаһандану мен көптілділік кезеңінде қазақ тілінің орны мен маңыздылығын арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Диана Төлеусабыр, С.Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкері

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу