ШҚО-да дауылды ескерту
04 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы болжамы кезінде халықтан елді мекендерден тыс жерлерге сапарды кейінге қалдыруды сұрайды.
–Егер сіздің көлігіңіз қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпағаныңыз жөн.
Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге мына заттарды жолға алуды ұсынады: сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік, шамдар.
Автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.
Желдің қатты екпінінен тез арада ғимаратқа тығылыңыз, желден үй қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама тақтайшалардың жанында, ағаштардың астында тығылмаңыз. Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті шіріген, ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанында қалдырмаңыз,- делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне қоңырау шалыңыз.
Оқи отырыңыз