ШҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Ұлттық құрылтай құрамына енді
Ақорда
Ақорда Ұлттық құрылтай құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады. Ұлттық құрылтай жұмысына жаңа мүшелер тартылғаны белгілі болды. Олар:
- баспагер Раиса Сайран Қадыр;
- журналист, "Qazaqstan" телерадиокорпорациясының тележүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы;
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев;
- Президент архивінің директоры Әлия Мұстафина;
- Қостанай автомобиль көлігі колледжінің басшысы Дмитрий Павленко;
- саяси шолушы Ғазиз Әбішев;
- Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы" КММ директорының орынбасары Ольга Кузовлева.
Ақорданың мәліметінше, ротация аясында құрылтай құрамынан Әли Бектаев, Оразғали Селтеев, Денис Рыпақов, Ақберен Елгезек, Исламбек Салжанов және Айдын Бикебаев шығарылған.
Ұлттық құрылтай – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Оның басты мақсаты – қоғамды біріктіру жолында идеялар мен нақты қадамдарды әзірлеу. Еске сала кетейік, Ұлттық құрылтайды құру туралы тапсырманы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 15 маусымында берген болатын.
Оқи отырыңыз