Ұлттық құрылтайдың құрамы өзгерді
Фото: Ақорда
Ұлттық құрылтайдың құрамына жұртшылықтың жаңа өкілдері енді және Жигули Дайрабаев, Дәулет Тұрлыханов тағы да басқа бірқатар бұрынғы мүшелері шығарылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university басқарма-төрағасы, ректор Лаура Қарабасова, пара жеңіл атлетика бойынша спортшы Айсұлу Сүлейменова, дүнген этносының көшбасшысы Лугмар Буларов, «Азаттық рухы» ақпараттық агенттігінің тележүргізушісі, журналист Кристина Гринько тартылды.
Бұдан бөлек құрамға бірнеше аймақтан қоғамдық кеңес мүшелері кірді.
Ұлттық құрылтай құрамынан Б. Әлтеев, А. Толамысов, Г. Қанай, С. Огай, Ж. Дайрабаев, Қ. Майгелдінов, Б. Уәли, А. Тимощенко-Боровикова, С. Сарыбай, Д. Тұрлыханов, А. Лодочников, С. Құранбек, Э. Суларов шығарылды.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында хабарланғандай, көктемде өтетін Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жанаргүл Мұқатай